Ербол Арынов 1965 жылы Павлодар облысында туған. Павлодар индустриялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар 2005 жылы заң  мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Семей газ аппаратурасы зауытында ауысым шебері болып бастаған.

1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастап, он жыл бойы «Боранши» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған. Шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы болған.

1992-2003 жылдары «Павлодар облысы кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығының президенті, 2002-2011 жылдары екінші шақырылымда Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 

2003-2014 жылдары  «Набережное» ЖШС-нің бас директоры, 2014-2016 жылдары «АЕС Жилстрой» ЖШС-нің бас директоры болып еңбек етті.

2012 жылдан бастап өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалғанға дейін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы