ТЖД баспасөз қызметінің мәлеметінше, оқиға 18 шілде күні сағат 16.07-де орын алған.

- Сәтбаев каналының «Платина-83» ауыз су қоймасында 1999 жылы туған жігіт батып кетті. Оқиға орнында ТЖД жедел құтқару тобыныңы төрт қызметкері жұмыс істеген. Жас жігіттің денесі 18.30-да табылып, судан шығарылған,- деді баспасөз қызметінде.

Ведомствоның баспасөз қызметінде қайғылы оқиға шомылуға орнатылмаған жерде  орын алғанын атап өтті. Сондықтан да құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыс аумағындағы өзендер мен көлдерде батып кетіп, көз жұмғандардың саны - 15 адам. Оның ішінде бесеуі - бала.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар облысы