Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, өнерлі және белсенді жастар халықаралық құрылтайда 23-28 шілде аралығында бас қосады.

 - Қатысушылардың арасында аймағымыздың түрлі қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері,  жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенді студенттері, өнерлі жастар, жастармен жұмыс істейтін мамандар, Павлодар облысы және жақын шет мемлекеттердің белсенді жастары  қатысады. Олар алты күн бойы киелі жерлермен танысып халықаралық қатынас бойынша тәжірибе алмасады, - деді орталық мамандары.

 Шара барысында жастарға білім мен өнерді насихаттайтын, мәдени қызықты  экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастырылады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы