Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Олег Костенко айтты.

-  Мұндай жағдай лифттерге қызмет көрсету нарығының дамып келе жатқанын көрсетеді, - дейді Олег Костенко. - Бұған дейін «ПАВЛОДАРЛИФТ»  ЖШС  лифттерді  жөндеу  жұмыстары бойынша жүз пайыз қызмет көрсететін. Дегенмен, қазіргі таңда  мұндай ұйымдардың саны  біршама артқан. Осыған байланысты  әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпорын қызмет көрсету көлемі үшін бақталастыққа барған.  Тіпті,  бәсекелес компанияның жолын кесіп,  техникалардың кілттерін ауыстырған.    

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы Әлия Тұрсынбаеваның айтуынша, тергеу нәтижесінде қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің бірі лифттерге қызмет көрсету бойынша екі келісімшартқа отырғаны анықталған.

Оның бірі тұрғындармен өткізілген жиын қорытындысының хаттамасы бойынша, екіншісі ПИК төрағасымен жасалған.

- Яғни, бірінші жағдайда тұрғындар өздері  таңдаған фирмамен жұмыс істеуге келісім берген, - дейді  Әлия  Тұрсынбаева. -   Екі  келісімшарттың біреуі заң аясында жасалған болса, екінші жағдайда тұрғын үй қатынастары процедуралары сақталмаған. Бұған қоса, тұрғындарға түбіртектер жіберіліп отырған.  Аталмыш факті бойынша «ЛифтТехЦентр» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.  Пәтер иелері кооперативінің әрекеті заңсыз деп танылды. Жасалған келісімшарт бұзылып, кооператив төрағасы  жаңадан сайланды.  Тұтынушыларға төленген қаражат қайтарылды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

 

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика