Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен хабарлағандай, сараптама орталықтары жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша натрий бензоаты құрамының артуы мынадай алкогольсіз сергіткіш энергетикалық газдалған сусындарда анықталды: «Dizzy original» - 189,4 мг / л.

Өнімнің жоғарыда аталған партиясы сауда объектілерінен сатылымнан алып тасталды, өнім берушіге сауда объектілерінен тауарларды алып тастау бойынша әкімшілік әрекет шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, комитет Ресей Федерациясының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адами әл-ауқат қорғауды қадағалау жөніндегі федералдық қызметіне (Ресейтұтынушылықтықадағалау) осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

Айта кетейік, адамдар үшін негізгі қауіп – ДНҚ бөліктеріне зиянын тигізе алатын E211 (натрий бензоаты) тағамдық қоспасы. Бұл, құрамында E211 бар сусындарды пайдалана отырып, Сіз болашақ ұрпаққа зиян келтіресіз дегенді білдіреді.

Ал, жүктілік кезінде натрий бензоаты бар тағам өнімдері мен сусындарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ, натрий бензоаты иммундық жүйеге бөгде заттың әсерінен аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда жеңіл белгілері пайда болуы мүмкін, олар мыналарды қамтиды: шоғырланған қышыну, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну. Сондай-ақ, натрий бензоаты организмде, әсіресе жасөспірімдердің организмінде өздігінен жиналуы мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: