Instagram қоладнушылары @kolesa_pavlodara парақшасында Абай көшесінде жолдың үстінде үлкен шұңқыр пайда болғанын жазды. Қала әкімінің баспасөз қызметінде аталған жер қоршауға алынғанын айтты.

- Абай көшесі бойымен Маяковский мен Шөкиннің арасында «Павлодар су арнасы» ЖШС-не қарасты кәріз коллекторы зақымданған, - деді баспасөз хатшысы Гүлжан Әбсалықова. – Салдарынан жол үстінде диаметрі 2,5 метрді құрайтын шұңқыр пайда болды. Қазіргі уақытта бұл аумақ қоғамдық көлік үшін уақытша жабық. Апат болған жерде айналмалы құбыр қойылған. Осылайша, коллектордың негізгі жұмысы тоқтатылған жоқ.

Баспасөз хатшысының айтуынша, бұл жерде жол асты бекітіліп, жаңадан асфальт төселеді. Жөндеу жұмыстары айдың соңына дейін жалғасады.

 

Назым Қарабаева

Фото:@kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, жолдар, Павлодар, Павлодар облысы