Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл  шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бауыржан Қасымов айтты.

- Шаруа қожалығының негізгі бағыты – бақша дақылдары, - дейді Бауыржан Қасымов. – Дегенмен, соңғы жылдары кәсіпкер мал шаруашылығына көңіл бөлуде. 2014 жылдан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау» бағдарламасы аясында   ет бағытында жұмыс істеуді қолға алды. Бүгінгі таңда 450 ірі қара ұстайды. Оның 300-і  асыл тұқымды сиырлар. Сондықтан да малды азықтандыру үшін асқабақ  алқабының көлемін арттырып отыр. Бұдан басқа, 600 гектарға  қарбыз егілген.

Маманның айтуынша, өткен жылы қожалық 1500 гектар алқапқа бақша дақыладырының  80 түрін  салып,  бір гектардан 290 центнер өнім  алған. Оның ішінде швейцариялық селекция әдістерімен шығарылған  «топ-ган», «ярило», «продюсер», «каристан», «лехад», «фарао», «бонта», «қара ханзада», «ред стар», «холодок» және «күн сыйлығы» сияқты сұрыптары бар.

Ауданның бас қарбызшысы атанған Қайрат Шапуовтың қызы Гүлназ Сабриденова басқаратын «Илькас»  шаруа қожалығы да биылғы жылы  750 гектарға таза қарбыз еккен.

- Биылғы жылы өнім жақсы болады деп күтілуде, - дейді Бауыржан Қасымов. – Себебі, жауын-шашын мол. Күн де ыстық.  Алғашқы өнім алқаптан 15 тамыздан кейін алынады.   

Лебяжі ауданы бойынша биыл барлығы 18 шаруа қожалығы  2730 гектарға қауын-қарбыз  еккен.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:  bnews.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика