Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі KYN.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп бітіргеннен кейін бозбала Сайдығани әскер қатарына барып, Отан алдындағы борышын өтегісі келген. Бірақ денсаулық жағдайына байланысты әскери борышын өтей алмаған. Сол кезде оның әкесі жалғыз ұлын үйлендіріп, немерелі болуды армандайды. Сөйтіп ол 18 жастағы кезінде өзінің қатарласы Құрбанжанға үйленеді.

Бірақ Сайдығанидың әкесі үлкен отбасы болғанын қалап, оның екінші некесіне батасын береді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Сайдығани үшінші рет үйленеді.

Өзінен 12 жас кіші Шахадат Рахимованы әйелдікке алған кезде ол 30 жаста болатын. Арада тағы біршама уақыт өткеннен кейін ол төртінші рет үйленуге бел буады. Оның мұндай ниетін білген кезде Шахадат қызғанған екен.

«Сайдығали екеуміз балаларымызбен бірге бір шаңырақ астында тұрдық. Өзге әйелдері өздерінің басқа үйлерінде тұрды. Сайдығали оларға барып тұратын. Ол төртінші рет үйленетінін білген кезде қызғаныш сезімі оянды. Бірақ қайын атам мұраға ие болып қалатын ұрпақ керек екенін түсіндірді. «Келінім, мен сені бәрінен артық құрметтеймін. Бірақ жолдасың тағы үйленгісі келсе, оған қарсы тұрма. Ол менің жалғыз ұлым. Мен ұрпағымның көп болғанын қалаймын. Ұлымның басқа әйелдерінің балаларына өз балаңдай қара» деді ол маған»,- дейді Шахадат әже.

Шахадат әже қайын атасының кеңесін әлі күнге дейін жадында сақтайтынын айтты.

«Құдайға шүкір, ұл-қыздарымыз шаңырақ көтерді. Қазір біздің 300 немереміз бар. Оларды өзімізден алыстатпаймыз», - дейді 80 жастағы Шахадат әже.

Ақсақалдың үш әйелі бақилық болып кеткен. Олардан қалған балаларды Шахадат екеуі бағып-қаққан.

Қазіргі уақытта бұл шаңырақтың 300 немересі, 70 шөбере мен 6 шөпшегі бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: