Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтты.

- «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру бойынша 2018 жылы облысымыздың шағын қалалары мен ауылдық жерлерде шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард 185,4 миллион теңге бөлінді, - деді Нұрболат Мақашев. – Нәтижесінде 123 бизнес жоба, оның ішінде 25 стартап жоба қаржыландырылады. Бұл сомаға республикалық бюджет қосымша 600 миллион теңге қаржы бөліп отыр. Осылайша барлығы 185 жоба шағын несиеге ие болады. Оның ішінде 37-і стартап жоба.

Басқарма басшысының айтуынша, 18-шілдедегі жағдай бойынша 471,6 миллион теңгеге 112 жоба қаржыландырылып, 182 жұмыс орыны ашылған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында несие алған шаруа қожалықтары 31 техника мен технологиялық құрылғылар, 791 бас ірі қара мал, 317 бас жылқы, 504 бас қой мен шошқа сатып алған.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ауыл шаруашылығы, экономика