Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

«Еліміз бойынша шомылуға арналған қалалық және жекеменшік жағажайлар анықталған, ол жерлерде ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен объектілік құтқару бекеттері құрылған. Су айдындарының қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде құтқарушылар ТЖК мобильді құтқару бекеттерін ұйымдастырды. ТЖД әкімдіктермен бірлесіп шомылуға тыйым салынған жерлерді белгіледі, ол жерлерге 3 мыңнан астам тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды. Алғаш рет, биылғы жылы еліміз бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу үшін волонтерлік ұйымдар тартылды, «Жас Отан» жастар қанатымен бірге тиісті жоспар-графигі бекітілді. Барлығы 2 мыңнан астам волонтер тартылды, олар 330 акция өткізуге, 200 бейнематериал әзірлеуге қатысты, 123 мың үгіт өнімі таратылды. Халық арасында 300 мыңнан астам үгіт өнімдері парақшалар, жаднамалар, брошюралар үлестірілді. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері су айдындары мен жабайы жағажайлардағы адамдар жаппай демалатын орындарда белсенді түрде су айдындарына жақын жерлерде демалушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылғы сәуірден 16 шілдеге дейін 5 мыңнан астам рейд жүргізілді, ӘҚБтК «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 440-бабының және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 816 адам тартылды», деді ол.

Юрий Ильиннің сөзінше жазғы кезеңде балалардың демалысын қамтамасыз ету бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілген.

«Жаз басталмас бұрын еліміздің оқу орындарында 10 мыңнан астам профилактикалық әнгімелесулер мен 200-ден астам интерактивті сабақтар өткізілді, мектептерде 883 жоспардан тыс ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды, аталған жиналыстарда ата-аналардың назарына су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жеткізілді, адамдардың суда қаза болу себептері туралы бейнероликтер көрсетілді», деді Юрий Ильин.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Юрий Ильин қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шомылуға арналмаған су айдындарында адамдардың қаза болу фактілері тіркелгені туралы ақпарат берді. Бұл ретте, суға батқандардың 85 пайызы шомылу маусымының басында тіркелген.

«Кейбір азаматтардың өздерінің және жақындарының өміріне деген жауапсыз көзқарасын атап өту қажет, олар ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамай, құтқарушылар мен жергілікті полиция қызметкерлерінің талаптарын елемей судан шықпады. Адамдардың еліміздің су айдындарында қаза болуларының негізгі себептеріне тоқталып өтсем. Бірінші, өз күштерін толық бағаламау, қатты ағыс, аяқ-қолдарының құрысуы, балық аулау кезіндегі ережелерді сақтамау, су айдындарының маңында қараусыз қалған балалардың суға түсіп кетуі, жүзе білмеу, мас күйінде шомылу, жүзу құралдарымен серуендеген кезде», деді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: