Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Зардап шеккендердің жалпы санының 22,8 пайызын әйелдер құрады.  Оның ішінде 30 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, үшеуі – кәсіптік аурулардан,  екеуі  улану салдарынан және алкогольден мас болу жағдайында екі адам зардап шеккен,  - деп жазылған хабарламада.



Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 70 адам жабық сынық, 40 адам  сыртқы жарақат, 28  адам шайқалудан  және ішкі ағзалардың  жарақатынан зардап шеккен. Сондай-ақ, 16 адамда  ашық сынық тіркелсе, 15  адамды   термикалық күйік шалған, 9  адам ашық жарақат алған. Кәсіптік сырқаттанудың үш оқиғасы анықталды.  Оның ішінде: органикалық еріткішердің уытты әсері,  пневмокониоз, тыныс органдарының туберкулез ауруы бар.

Зардап шеккендердің жалпы санынан жазатайым оқиғалар кезінде  жеті адам көз жұмған. Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің  басым бөлігі – бірінші ауысымдағы жұмыс істеген 30-45 жас аралығындағы  білікті жұмысшылар.






 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам