Сараптама комиссиясының дауыс беру нәтижелері бойынша «Өндіріс мақсатындағы үздік тауарлар» номинациясының лауреаттары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Эво Ойл» ЖШС мен «Темiрмаш Павлодар зауыты» ЖШС атанды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Три кота Ж» ЖШС, «Алтын Дизайн» ЖШС және «Манго Т» ПВ ЖШС жеңіп алды.

 «Гринхаус» ЖШС, «Айсберг ПВ» ЖШС мен «Павлодар сүт» ЖШС  «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының лауреаттары атанды.

Еске сала кетейік, көремеде павлодарлық 50 өндіруші өз өнімдерімен таныстырды.  Байқауға ұсынылған тауарлар спектрі әртүрлі. Балалар киімінен бастап, дәнекерлеу электродтары, қызанақ, қолдан жасалған әшекейлер, жартылай фабрикаттар, жиһаз, сүт өнімдері, ұлттық стильдегі бұйымдар және басқаларын көруге болады.

Облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов пен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов жеңімпаздарға дипломдар  табыс етті.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары - 2018» көрме-байқауының барлық лауреаттары осы логотипті төрт жыл бойы өз өнімдерін жарнамалау үшін пайдалана алады.

Жеңімпаздар  12-13 қазанда Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары - 2018» республикалық байқау-көрмесінде және отандық тауар өндірушілердің көрмесінде  Ертіс өңірінің намысын қоғайды.

 

Назым Қарабаева

Фото:автор

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, Алтын сапа