«Мейірімділер клубы» еріктілерінің айтуынша, Қазақстанның еңбек сіңірген мәнерлеп сырғанаушысымен қоштасу рәсімі сағат кешкі сегізде Ertis Promenade сахнасында өтеді.

- Кеше еліміз үшін  қайғылы күн болды, - дейді Меруерт есімді ерікті. – Көпшілік әлі күнге дейін сене алар емес. Қазақстанның көптеген қалаларында Дениспен қоштасу шаралары өтеді. Біз де қоштасу кешін  ұйымдастырып, оның қазасы қаншалық ауыр тигенін білдіргіміз келеді. Бұл ата-аналары мен достары, күллі  Қазақстан үшін орны толмас қайғы. Денистің отбасына  көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамыз.


 

Еріктілер тұрғындардан өздерімен бірге майшамдар мен гүлдер  алып келуді өтінеді.


 
 Денис Тен -  мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы. 2014 жылғы Сочи олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.


pavlodarnews.kz

Тэги: спорт