Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтты.

- Қазіргі уақытта инвесторларды іздестіру үстіндеміз, - деді Нұболат Мақашев. – Тері және жүн өңдеу нарығын зерттеп жатырмыз. Зерттеу қорытындыларын инвесторлармен кездескен кезде ұсынып отырамыз. Өңірімізде мал шаруашылығы жақсы дамуда. Ірі қара мен ұсақ мал саны артып келеді. Бұл жұмысты одан ары дамыту үшін тері және жүн өңдеу цехы керек.

Басқарма басшысы аталмыш цехты облыстағы мал шаруашылықтары шикізатпен толық қамти алатынын жеткізді.

Айта кетейік, 2018 жылғы мамыр айындағы мәліметтерге сүйенсек, өңірде 494,9 мың бас ірі қара мал тіркелген. Оның ішінде сиыр – 202,1 мың бас, жылқылар – 158,8 мың бас. Оған қоса, 615,6 мың – қой және 84,4 мың – ешкі бар.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мал шаруашылығы, экономика