Бұл туралы Естай атындағы мәдениет сарайында өткен байқау кезінде «Павлодар сүт» ЖШС-нің басшысы Лариса Демешко мәлім етті.

- Біздің өндірісте сүттен жасалған 20-ға жуық тауар түрі шығарылады, - деді кәсіпкер. – Оның ішінде сүт, айран, майлы айран, қаймақ, ірімшік, сары май бар. Барлығы экологиялық таза  өнімнен жасалады. Біздің өнімнің құрамында консерванттар жоқ. Сондықтан да сақтау мерзімі қысқа. Мысалы, егер қаймақ жеті күн сақталса, қышқыл сүт өнімдері бес күн, ал сүттің өзі үш күн ғана жарамды. Сүтті Успен ауданынан «Галицкое» ЖШС мен Павлодар ауданынан «Луганск» ШҚ жеткізеді. 

Өндіріс басшысының айтуынша, жазғы уақытта кәсіпорында күніне 35 тонна, ал қыста 25 тонна сүт өңделеді.

- Біздің айранның басқалардан өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, саңырауқұлақтардың ашытқысы негізінде жасалады.  Яғни, бұл ашытқы 15 жыл бойы  өзгермегенін атап өткен жөн. Биыл қышқыл сүт өнімдерінің қорапшасының дизайны ауыстырылды. Қорапта қақпақ пайда болды. Мұндай қаптаманы шығару үшін арнайы жабдықтар сатып алынған болатын. Осы жылы «Галицкое» сүтіне 15 жыл толады. Ал тамыз айында оның 16 миллионыншы пакеті шығарылады, - дейді  Лариса Демешко.

Күн сайын Павлодар мен Ақсу қаласының сауда нүктелеріне «Павлодар сүт» ЖШС-нен 18 тонна өнім жіберіледі. Оның он тоннасы - сүт,   үш - тоннасы айран. Жалпы өндірісте 120 адам еңбек етеді.

 

Назым Қарабаева

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, Үздік тауар, Алтын сапа