Бұл туралы Естай Беркімбаевтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған диалог алаңында айтылды. Алдымен шарада Балнұр Қыдырбек ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан құттықтау хатын жолдады.

- Естай қазақ музыка тарихында екі ғасырды, екі заманды, екі дәсүрді біріктірген тұлға. Елбасымыз өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Еліміздің әр өлкесінде халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ білуі тиіс», – деп атап өткен болатын. Сондай біртуар перзенттердің бірі – өрнекті өлеңімен сөз кестесін төгілдіріп, өз заманына кеңінен танылған Естай ақын. Бүгінгі Екібастұз елінің мақтанышы, Ертіс бойын жайлаған елдің перзенті - Естай Беркімбаев. Сондықтан Елбасының сөзін ескере отырып, Қазақстан композиторлары Екібастұз балалар мектебіне Естай Беркімбаевтың атын беру керек деп санайды, - деді Балнұр Қыдырбек.

Шараға қатысқан аймақ басшысы Болат Бақауов бұл туралы 25-шілде күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралатынын айтты.

Айта кетейік, аталмыш шара Екібастұз қаласына қарасты Қаражар ауылының маңындағы Әулиекөл жағасында өтті.

Мереке Амантай

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Екібастұз, Естай Беркімбаев 150 жыл, қоғам