Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кинологиялық орталық бойынша полицейлер экскурсия өткізді, - деді баспасөз өыметінде. - Экскурсия барысында балалар полицияның төрт аяқты достарымен танысты. Иттерге қалай күтім жасау керек, ІІД-де иттердің қандай түрлері қызмет атқарады, әр иттің қызметі жайлы, арнайы киім үлгілері туралы көптеген мағұлматтар алды. Тәртіп сақшылары әр нәрсені мұқият қарап, таңдана айналасын зерттелген жас жеткіншектердің сұрақтарына жауап берді.Кинолог – мамандық емес, бұл жан қалауының жағдайы, өз қызметініңді сүю және төрт аяқты досыңмен біртұтас болу керек, сонда ғана жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатынын полицейлер атап өтті.

Полицей-кинологтар кішкентай қонақтар алдында иттердің қабілеті мен дағдыларын көрсетті.

Көрсетілім алдында полицияның төртаяқты көмекшілеріне қиын тапсырмалар берілді, нәтижесінде барлығы «өте жақсы» деңгейде орындады. Арчи есімді орыс спаниелі мен Альфа есімді белгиялық овчарка балаларға мастер-класс көрсетті, мастер-класс барысында тосқауыл сызығымен және жасырылған жарылғыш заттар мен есірткілерді оңай тапты.

Шартты түрдегі қылмыскер рөлінде шыққан кіші кинолог-инспектор полиция аға сержанты Даурен Кабышевті ұстаған Хан есімді лобрадор- ретривер балаларды таң қалдырды. Экскурсия соңында балалар иттермен ойнап, өз қуаныштарын жасыра алмады. Осы орайда оларда полицей кинолог болу арманы қалыптасқаны сөзсіз.

Айта кетейік, Ішкі істер департаментінде 23 төртаяқты полиция көмекшілері қызмет етеді. Солардың арқасында 2018 жылдың басынан бастап 37 ұрлық, 1 кісі өлімі және 59 есірткі қылмыстары ашылғанын атап өткен жөн.

pavlodarnews.kz

Тэги: