Бұл туралы облыстық ТДЖ-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Ер адам сағат 17.20-да шомылуға тыйым салынған орында суға түскен. Бұған қоса, алкогольдік ішімдік тұтынған. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері ер азаматтың денесін екі жүзу құралы арқылы сағат 17.50-де  жағаға алып шықты, - дейді департаментте.

Айта кетерлігі, облыста биылғы шомылу маусымында осымен 18 адам судың құрбаны болған.

«Судағы қауіпсіздік» науқаны аясында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері құтқару бөлімшелері мен  өрт сөндіру бөлімдері, жергілікті полиция  қызметі, аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге демалуға   тыйым салынған жерлерде рейдтер өткізуде.   Десе де, тұрғындар тыйым салынған белгілерге қарамастан,  қауіпті орындарда  шомылуды жалғастыруда.

Мәселен, жуырда  Ақсу қаласында төрт жасөспірім су айдындарында жалғыз жүрген. Өңірлік полиция қызметкерлері олардың аты-жөндерін жазып алып,  балалардың ата-аналарына ескерту жасаған.  Мұндай  факті қайталанған жағдайда ата-аналарға айыппұл ретінде әкімшілік жаза  қолданылады.

 Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам