Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

 Әлемде 40,3 миллион құл бар. Бұл туралы Walk Free коммерциялық емес ұйымының есебінде айтылған. Зерттеуде 167 елдің ресми көрсеткіші қолданылған. Ұйым тізімінде қазіргі заманғы құлдықтың кез келген түрін, соның ішінде мәжбүрлі және балалар еңбегі, сексуалды пайдалану және мәжбүрлі некеге тұруды қамтиды. Әйелдер арасында құлдық еңбек көп таралған - 71 пайыз. Оның ішінде 24,9 миллион әйел мен қыздар қаламайтын жұмыс істеуге және 15,4 миллионы некеге тұруға мәжбүр. Антирейтингте Қазақстан 83-орында тұр. Walk Free бағалауы бойынша біздің елімізде 75 мың адам құлдықта - мың тұрғынға 4,21 "құлдан" келеді.

Рейтинг бойынша Солтүстік Корея алдыңғы орында, онда халықтың 10 пайызы мемлекет әсерінен қаламаған жұмыс істеуге мәжбүр. Құлдыққа шалдыққан елдердің ондығында Эритрея (мың адамға шаққанда 93 құл), Бурунди (мың адамға шаққанда 40 ), Орталық Африка Республикасы және Ауғанстан (23), Мавритания (21) және Оңтүстік Судан, Пәкістан, Камбоджа және Иран (халықтың бір мыңға шаққанда 16-20).

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам