Премьер-лиганың 19-туры аясында «Ертіс» «Тобылмен» қонақтық ойын өткізді. Павлодарлықтар алаңға қосалқы құраммен шықты. Команданың көшбасшысы Карлос Фонсека сары қағаздардың көптігіне байланысты осы турға қатыса алмады.

«Ертіс» сапына соңғы күндері ғана қосылған Аслан Рафкат пен Пірәлі Әлиев те матчқа қатысты. «Оле бразил» академиясының түлегі Аслан толық 90 минут ойын өткізді.

Тең дәрежеде өткен матчың тек екінші таймында есеп ашылды. 63 минутта Самат Жарынбетов қорғаушылардың қателігін пайдаланып «Ертіс» қақпасына алғашқы голды салды.

74-минутта Дору Попадюк айып алаңының шетінен соққы жасап, есепті теңеңстірді.

«Ертіс» ФК-ның бас бапкері Димитар Дмитров команданың өз мінезін көрсеткенін айтты.

- Бұл менің бірінші ойыным болғандықтан, жоғары эмоция көзге түсуде, - деді Димитар Дмтиров. – Жігіттердің ерік-жігеріне, ойынға деген ынталарына ештеңе айта алмаймын. Біздегі ойын деңгейі басқа әңгіме. Тобылдың таңдаған ойыншыларының деңгейі жоғары. Бір команданы бұзу өте оңай іс. Біздің команданы тек бұзып қоймай, «өлтірді». Жүйелі командаға қарсы тұру өте қиын. Командада қазір өте қиын кезең. Біз команданы премьер-лигада сақтап қалу керекпіз. Бұл мен үшін негізгі тапсырма. Көптеген мәселе бар. Бұл команда қандай негізбен құрылғанын білмеймін. Мысалы, құрамға бес оң жақ қорғаушы алғанда да бірде-бір сол жақ қорғаушы алмаған. Бұл селекциядағы мәселенің бірі. Бұрынғы мен білген команданы өте оңай бұзған. Командаға сенімділік, жігер жетіспейді. Дәл қазір оған қоса шеберлік көрсету керекпіз. Бүгін мінез көрсете білді. Сондықтан тең есеп өте лайықты нәтиже деп ойлаймын.

19-тур қорытындысы бойынша «Ертіс» 18 ұпаймен турнир кестесінің 9-орынына жайғасты.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін павлодарлық команда сапындағы Берік Айтбаев, Рахымжан Розыбакиев, Алмат Бекбаев, Мидат Галбаев, Эдди Эрнандес және Мақсат Әмірханов клубпен ресми түрде қош айтысқан болатын.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ертіс" ФК, спорт