Ақынның мерейтойына арналған іс шараға даршылар кездейсоқ  тап болған.

Топ жетекшісі Шәмшідин Хожиматовтың айтуынша, Қарағандыда гастрольдік спармен жүріп, Екібастұз қаласына ат басын бұрған.   Бұл жақта мерейтойда өнер көрсету туралы ұсыныс түскен. Әсіресе 5 жастағы қыздың өнері қонақтардың көңілінен шықты.

- Бұл менің Бибісара атты немерем, - деді Шәмшідин Хожиматов. – Оның биіктікте жүргеніне бірнеше жыл болды. Әзірге ол тек қана үлкен адамдармен бірлесе өнер көрсетеді. Ал  6 жасар немерем Бехрузбек канаттың үстіне жалғыз шығады.

Даршылар отбасы 25 жыл бойы гастрольге шығып жүр. Осы уақыт ішінде топ Ресей Федерациясының жартысын аралап шыққан. Сонымен қатар, Украина мен Беларусь елінде болған.

- Біз Қазақстанда өнер көрсеткенді ұнатамыз. Бізді  мұнда үнемі жылы қарсы алады, - деді даршылар.

Павлодар облысында соңғы рет даршылар 20 жыл бұрын болған. Ашық аспан астындағы циркті павлодарлықтар жақын арада тамашалай алады.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото:Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы