Бүгін  Павлодарда  аталмыш  жобадағы жеке «Әлеуметтік қорғау» бөлімінің тұсаукесері өтті.

Қосымшаны құрастырып, жұмысын қадағалап отырған «BFGroupInc» ЖШС-нің жетекшісі Сергей Голышев бөлім 22 смарт-кезектен тұратынын атап өтті.

- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымшада жеке ыңғайлы бөлім пайда болды, - деді Сергей Голышев. – Мысалы, оларға қажетті құралдар бойынша және «Санитарлық-шипажайлы ем» қызметі бойынша кезекті қарау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, «Инватакси шақыру» функциясы іске қосылды. Осылайша көліктің нақты қай уақытта келетінін және оның бағытын қадағалауға болады.

Қосымшаны құрастырушылардың айтуынша,  Smart Pavlodar жобасы арқасында пайдаланушы өз әлеуметтік мәртебесін, «Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бағыттары туралы біле алады, сілтеме бойынша электрондық еңбек биржасы сайтына кіріп, бос жұмыс орындарын қарастыруға және түйіндемесін жариялауға болады.

Айта кетерлігі, қосымшада «Хабарлама жазу» функциясы және халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарына тура қоңырау шалу функциясы бар.

Бүгінгі күні тұрғындардың  Smart Pavlodar қосымшасының «Әлеуметтік қорғау» бөліміне 20742 рет кіргені тіркелді.

Мобильді қосымшаны Play Market немесе AppStore арқылы тегін жүктеуге болады.

 

Назым Қарабаева

Фото:Әлібек Дженалинов

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы