Әншінің  8 тамыз күні Качир ауданында өткен алғашқы ән кешіне  100-ге жуық адам келген.

- Бүгін Железин ауданында өнер көрсетемін, - деді жас әнші. – Концерт барысында халық және эстрада әндерімен қатар, өзім шығарған әндерді орындаймын. Олардың арасында «Бақыттының бірімін», «Туған жер», «Махаббатым-ай» және «Цунами» өлеңдері бар. Жалпы концерт бір жарым сағатқа жалғасады.

Алексей Лодочниковтың концертіне билеттің құны – 500 теңге. Жиналған қаражатқа әнші жылдар бойы армандап жүрген аспабын аламын деп отыр.

- Мен домбырада ән айтып, домбыра шертуді ұнатамын. Қазіргі домбырамды жеті жыл бұрын алғанмын. Оның біраз тозығы жетті. Сондықтан   жиналған қаражатқа костюмдерімді ауыстырып, жаңа домбыра сатып алғым келеді. Қалғанын қайырымдылыққа жұмсаймын. Жақсы домбыраның құны орташа есеппен бір мың доллар тұрады, - деді Алексей Лодочников.

Айта кету керек, жас талант бірінші сыныптан бері қазақ тілін жіті меңгеріп, домбыра шертуді үйренген.

Еске сала кетейік, Алексей Лодочников осыдан екі жыл бұрын Елбасының Павлодар облысына келген сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа домбырамен Ақан серінің «Балқадишасын» шырқап, жұртшылыққа танымал болған.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Алексей Лодочников