Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы бойынша А.А-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«Іс бойынша А.А-ның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б.Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сондай-ақ ол айналасындағыларды сыйламайтынын білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында А.А. өзінің кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызымен сөйлесетінін айтты. Алдағы уақытта ондай бұзақылық қайталанбайтыны туралы түсінік берді. Кешірім сұрап, өкініш білдірді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған Б.Б. өзінің кінәсін мойындап, темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастағанын растады. Алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтайтынын айтты. Сондай-ақ, азаматша А.А. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам