Успен ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Болат Бақауов аталмыш шаруа қожалығын өзгелерге үлгі болатынын атап өтті.

- Бұл - «ЭКСПО» көрмесінен кейін өңірімізде жүзеге асырылып жатқан 12 жобаның бірі, - деді Болат Бақауов. – Елбасымыз бізге жасыл энергияны пайдалану бойынша жел және күн энергиясын қолдануды жүктеді. Аталмыш серіктестік былтырғы жылдан бері осы бағытта жан-жақты зерттеу жүргізіп, жұмыс жасап келеді. Өз күшімен Германиядан екі қондырғы сатып алды. Әрқайсысы сағатына 1 МегаВатт энергия өндіретіндіктен жалпы 2 МВт тоқ шығады. Ал, «Галицкое» шаруа қожалығы мен қасындағы ауылды қосқанда 1,2 МВт энергия қажет. Қалған 800 кВт ірі запасы қалады.

Қазіргі таңда баламалы қуат көзін алуға мүмкіндік беретін бірегей қондырғыны орнату бойынша бірқатар жұмыс қалған. Бір айдан кейін жел генераторы толығымен іске қосылады.

Айта кетейік, егін және мал шаруашылығы бағытындағы «Галицкое» ЖШС 1998 жылы құрылған. Бүгінгі күні облыстағы ірі шаруа қожалығы 400-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Оразбек Саяхат
Фото: Дархан Өмірзақов

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Успен, жасыл энергия, "Галицкое", экономика