Тұрғын үй инспекциясының бас маманы, заңгер Гаухар Арынғалинаның айтуынша жыл басынан бері алты ПИК басшыларының жұмысына мониторинг жасалған.

- Біздің бөлімге түскен өтініштер негізінде қаладағы алты ПИК тексерілді, - деді Гаухар Арынғалина. – Олардың үшеуі бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталып,  алпына келтіру үшін нұсқамалар берілді. Өкінішке орай, бір кооператив басшысы ұйғарымды Заңмен белгіленген мерзімде орындаған жоқ.  Нақтырақ айтсақ, «Орбита» ПИК-нің басшысы  жинақтау қорын ашпаған. Сол үшін оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.

Бас маман бүгінгі күні  аталмыш  кооперативтің қарызды толық өтеп, төрағасы жұмыс орнын өз еркімен босатқанын атап өтті.

- Мен осы ұйымда екі ай бойы жұмыс істеп келемін. Біздің кооперативтің құрамында 970 пәтерден тұратын 12 үй  бар. Оның ішінде лардың Ломов көшесі, 43, 39, 46, 48, 50, 52, 54 үйлері енген. Қазіргі уақытта қысқы жылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Тұрғын үйлердің 80 пайызы қысқа дайын, - дейді «Орбита» ПИК-нің жаңа басшысы Байзақ Шаяхметов.

 

Назым Қарабаева

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, ПИК