Бұл туралы tengrinews.kz Apple Insider-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл технология паспорт құжатының орнына ұялы телефонды қолдануға мүмкіндік береді. Ұсыныстың басты идеясы телефон иесінің шифрланған деректері сұралған ұйымға жіберіледі.

Компанияның жоспарынша, смартфондағы ақпаратты радиожиілік арқылы, дәлірек айтсақ NFC технологиясымен таратады. Деректерге рұқсатсыз кіруден қорғау үшін Touch ID мен Face ID идентификаторының биометриялық тексеру технологиясы арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұл концепцияны бір ғана емес, көп салада қолдануға болады: жеке (мысалы, қызметкерлерді өткізу жүйесінде) және мемлекеттік компаниялар өз мақсатын жүзеге асыра алады (паспорт құжатын тексеру барысында кең қолдануға мүмкіндік береді).

pavlodarnews.kz

Тэги: