Бұл туралы  ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды. 
 
«Қазгидромет» РМК жолдаған мәліметке сай, 12 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі.
 
Астана қаласында 12 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі; солтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Дауылды ескертудің дөп келу ықтималдылығы 85-90 % Одан бөлек, 12 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, тәулік бойы, кей жерлерде солтүстік-батыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам