Ұйымдастырушы - Павлодар облысының ұлттық ат түрлері спорты федерациясы.

Аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы және көкпар Құрылысшылар күніне қарсаңында өтсе, ұшқыр жарыс Павлодар облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аламан бәйге мен тоқ бәйгенің жеңімпаздарына  «Нива» және «Лада-Гранта» көліктері  табысталса, қалған  шабандоздарға 150 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық бұйырды.

Павлодарлық Қанат Ақсақовтың айтуынша, төрт жастан асқан аттардың арасында 2400 метрге созылған ұшқыр жарысқа оның жеті жастағы Пресанелла атты биесіне  тең келгенгдер болған жоқ.

-Пресанелла соңғы жылдары көптеген бәйгелердің жеңімпазы атанып жүр,- деді Қанат Ақсақов. – Оның қоржынындағы медальдардың саны оннан кем емес. Сонымен қатар, Мәскеу қаласында жеңіп алған кубок та бар.

Айта кету керек, бәйгенің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгеден асты.

 

Фариза Қазыбекқызы

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, жарыс, иппадром