«Қазгидромет» облыстық филиалының кезекші синоптигі Елена Головчинко соңғы күндері ауа температурасының төмендеуі облыс аумағы бойынша өткен солтүстік-батыс циклонына байланысты болған айтты.  Десе де, ертең Павлодар облысында қайтадан ыстық ауарайы қалыптасады.

- Қазіргі уақытта Павлодарда плюс 13 градус, - деді кезекші синоптик. – Күндіз бұл көрсеткіш 19-21 градусқа дейін жоғарылайды, жауын-шашын болмайды. Ертең ауа температурасы 30-33 градусқа дейін көтеріледі. Алдағы уақытта температураның күрт төмендеуі күтілмейді.

Синоптикетердің айтуынша, тамыз айындағы орташа температура климаттық мөлшерге сәйкес келіп тұр. Басқа сөзбен айтқанда, биылғы тамыздың температуралық тұрғыда басқа жылдармен салыстырғанда өзгешелігі жоқ.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, ауарайы