Соңғы ойындарында сәтсіздікке ұшырап жүрген павлодарлықтардың тағы да жолы болмады. Атырау қаласында өткен матчқа «Ертістің» белді ойыншылары қатысты. Турнир көшінің соңында келе жатқан екі команда шабуылдарға толы болды.

Ойынның 37-минутында өз айып алаңында Кирилл Шестаковтың қолына доп тиіп, 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Марат Хайруллин атыраулықтарды алға шығарды.

45-минутта Бабатунде Аденидже «Ертіс» ойыншыларын қапы қалдырып есепті 2:0-ге жеткізді.

«Ертіс» сапындағы Исса Камара матч барысында қарсыластар қақпасына қауіпті шабуылдар жасаса да нәтижелі болмады.

«Ертіс» ФК бас бапкері Димитар Димитров команданың өз-өзіне сенімсіз екенін айтты.

- Бізде барлық жерде үлкен мәселе бар, - деді бас бапкер. – Қорғаныста, ортасында, шабуылда да. Бірінші таймда біз тырысып бақтық. Бірінші таймдағы төрелік өте нашар болды. Екінші таймда жылдам гол өткізіп біз өзіміз оларға көмектестік. Командамыз өзі не істей алатынына сенімсіз ойын өрнегін көрсетеді. Жігерсіз, сапасыз ойнайды. Соған сай нәтиже шығуда.

Айта кетейік, Премьер-Лиганың екінші айналымының қорытындысы бойынша «Атырау» 22 ұпаймен 9-орынға көтерілсе, «Ертіс» 22 ойында 19 ұпай жинап 12-орынға жайғасты.

Оразбек Саяхат
Фото: vk.com/irtysh_news

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ертіс" ФК, спорт