Кәсіпорынның байланыс қызметі бөлімінің мәліметінше екі УАЗ 23632-152 PICKUP автомобилі, МАЗ 6430В9-8429-012 ершікті тартқыш, 25 тонналы КС 55713-5К КАМАЗ 43118 автокраны жақында пайдалануға беріледі.

КамАЗ-43118 үлгілі жол таңдамайтын көліктің үш өсті арнайы кран шассиіне орнатылған кран қондырғысы оның көмір өндіруші кәсіпорнында жүрісін жақсартуға себеп болды. Орнатылған аспаптар мен құрылғылар жиынтығы кран кабинасындағы дисплейде жұмыс параметрлерін көрсетіп, 25 тонналық машинаның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Оның құрамына сипаттамаларды тіркеу үшін орнатылған аспап – «қара жәшік» және электр желілерінің жанында жұмыс істеуге арналған қауіпті кернеуден кранды қорғау модулі ҚКҚМ кіреді.

Автоматты режимдегі қауіпсіздік аспабы кранды шамадан тыс жүктеуден және аударылудан қорғайды. Ол қиын жағдайларда жұмыс істеуге қажетті координаталық қорғау жүйесімен жабдықталған. Кран кабинасы жайлылық пен шолу мүмкіндігін кеңейтер ең заманауи талаптарға сай: купе үлгілі жылжымалы есік, дизельді қыздырғыш, желдеткіш, шалқаймалы артқы қақпағы, эргономикалық аспап панелі.

Кран операцияларын ыңғайлы басқару, басқару тетіктерінің өзіндік орналасуына байланысты жүзеге асырылады.

МАЗ 6430В9-8429-012 тартқышы  үлкен ұзын жартылай тіркемелермен жүк тасымалдайды.

 - Гидротазартқышы бар ершікті тартқыш үлгісі – гидротазартқышы жоқ ершікті тартқыштарға қарағанда әмбебап. Кәдүмгі жартылай тіркемелерден бөлек, машина өзі аударғыш жартылай тіркемелермен және гидрофикациясы, тралдары және басқа жартылай тіркемелері бар  - жартылай тіркеме – цистерналармен жұмыс істей алады.Бұл техника сенімділікпен, жүргізушіге ыңғайлы еңбек жағдайларымен, пайдалану шығындарының төмендігімен, заманауи дизайнмен ерекшеленеді, - деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің автокөлік учаскесінің аға механигі Фарит Кацаев.

Кәсіпорын мамандарының айтуынша, УАЗ-23632-152 PICKUP жоғары өтімділігімен ерекшеленеді. Мұның көмір кеніші жолындарындағы маңызы зор. Сондай-ақ, машина тұрақты және жүрісі бірқалыпты және жабдыққа арналған PICKUP шанағының сыйымдылығы үлкен.

Бұл үлгідегі автомобильді біз бірінші рет сатып алып отырмыз. Ол жаңартылған интерьермен ерекшеленеді: жылытуы бар реттемелі жабдықталған отырғыштар, шудан оқшаулау,  жылытқыш, сондай-ақ, қосымша салонды жылытқыш, - деп атап айтты Фарит Кацаев.

Бүгінгі күнде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің автокөлік учаскесінде 120 дана техника бар.Олардың қатарында жеңіл машиналар, автобустар, жүк көлігі, өзі аударғыштар, автокрандар және арнайы техника бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы