Еске салайық, Павлодар мен көрші ресейлік Новосібірді байланыстырған ұшақ павлодарлық әуежайға 2018 жылдың 30-мамырында қонған болатын.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, ресейлік «S7 Airlines» авиакомпаниясы заманауи, жайлы EMBRAER-170 ұшағымен қызмет ететін рейс – маусымдық.

- Бұл жыл бойғы рейс емес, - деді басқарманың автомобиль тасымалы, көлік және байланыс бөлімі жетекшісі Диана Муханова. – Кассадағы билеттер 16-қыркүйектен кейін сатылмайды. Алайда тұрақты рейс қылдыруға еш бөгет жоқ. Біз тасымалдаушылармен осы мәселе бойынша келіссөз жүргізудеміз. Оларға хат жіберілді. Жауап күтудеміз.

Қазіргі кезде 78 адам сиятын ұшақ аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері көкке көтеріледі.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: