Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды .

«Канело» Головкинмен ұзақ шабуылдар арқылы айқаса алмайды. Өйткені мұндайда мейлінше төзімді әрі қуатты GGG жеңеді. «Канело» Головкиннен тоғыз жас кіші, бірақ оның кардиожүйесі нашар. «Канело» ұзақ уақыт бойы қарқынды айқасқа шыдамайды. Оның әдісі - қысқа мерзімді шабуылдар, содан кейін ұзақ уақыт тыныстап алуы қажет. «Канело» гепардқа ұқсайды. Мысық тұқымдасына жататын жануар да қысқа уақытта бар жылдамдығымен жүгіреді, бірақ содан кейін әлі бітеді. Олардың демалуы қажет. Егер Головкин гепард тәрізді «Канелоның» демалуына мұрша бермесе, жекпе-жек ерте аяқталады», - деп жазады Фокс.

pavlodarnews.kz

Тэги: