Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«2018 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Біріншісі аты, тегі және әкесінің аты сай келетіндердің жалпы санын, ал екіншісі сондай адамдардың санын білдіреді.

Сонымен қатар, Комитет тегі мен аты бірдей адамдардың санын да жариялады. Олардың саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінің әкелерінің аты жазылмағандығын атап өткен.

pavlodarnews.kz

Тэги: