Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай болады.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: