Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ұлттық парктің аумағынан шыға берісте көліктің қозғалысын сағатына 20 километрге дейін шектеу белгісі орнатылған. Бақылау тобы бұл белгіні алып тастауды ұсынды. Себебі, белгі бақылау-өткізу бекетінің жанында тұр және ол дұрыс көрінбей тұр. Бұл жерде жол полициясы үнемі кезекте тұрады. Сондықтан да, бұл жемқорлыққа жол беруі мүмкін,- деді баспасөз қызметінде.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұғн қоса ауыл әкімдігінде учаскелік қызметкердің кабинеті, ал Майқайын ауылының ауруханасында тұтқа мен сырғыма баспалдақ жоқ ені анықталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы