Штабтың жоба менеджері Роман Краснощековтың айтуынша, бренд мемлекеттік емес ұйымдар арасында өткен конкурсқа арнайы дайындалған.

-   «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ұйымдастырған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту сайысына Павлодар облысынан 28 мемлекеттік емес ұйым қатысты, - деді Роман Краснощеков. – 500 мың теңгені құрайтын ақшалай грантты сегіз ұйым жеңіп алды. Біз аз қамтамассыз етілген отбасылардан шыққан және өз күшімен оқуға түсе алмаған жастарды компьютерлік дизайнға оқыту кабинетінің жобасын ұсынған болатынбыз. Сонымен қатар, қазақ әліпбиін латын графикасын көшіду дәріптейтін QAZAQ JASTARY атты киім брендін қорғадық. Бірақ, ұйымдастырушылардың көзіне түсе алмадық. Десе де, бұл біз үшін ешқандай соққы болған жоқ, керісінше өзіміз еңбек етіп ақша табуға талпыныс жасап жатырмыз.

Жоба менеджері қазіргі уақытта қала тұрғындарынан тапсырыс алып жатқанын айтты.

-  Төрт күн ішінде бізге 15 тапсырыс түсті. Біз тұтынушыларға ұлттық стильде логотип ретінде жасалған жеңіл жейде, бас киім мен қолдарбаны ұсынып отырмыз. Бұған қоса, әр адам өзінің суреттері мен белгілерін бере алады. Бір жеңіл жейденің құны 4990 теңге, бас киім – 3990 теңге болса, қолдорба 1990 теңге тұрады. Біз әлі де инвесторларды іздестіріп жатырмыз. Ал, әзірше бұл бағытта өзіміз жұмысты жалғастырып отырмыз, - деді Ромн Краснощеков.

Бұдан басқа, жастар алдағы уақытта Қазақстанның Абай Құнанбаев, Қаныш Сәтбаев сынды белгілі тұлғалары бейнеленген жейделерді басып шығаруды жоспарлап қойған.

 

Назым Қарабаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, Жасыл ел