Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ләззат Қабиева аукционға 16 соттық жер қойылған айтты.

- Бүгінгі аукцион жеңімпаздарына 3 жылға дейін жалға алу құқығы беріледі, - деді Ләззат Қабиева. – Аукциондағы бастапқы бағалардың жоғарғысы 700 мың теңгеге жуық. Шараға қатысу үшін әр адам 50 АЕК, яғни 120 250 теңге кепіл сомасын төлеуі керек. Бүгін көбінесе құрылыс, өндірістік базаға қызмет көрсетуге арналған объектілер қойылады. Осы жылдың сегіз айында өткізілген аукциондардан мемлекетке 58 миллион теңге түсті. Жыл соңына дейін тағы 2-3 аукцион өткізу жоспарланған.

Аукцион барысында Транспортная көшесіндегі құрылыс салу, орналастыру және өндірістік базаға қызмет көрсетуге арналған жер бастапқы бағасы 686 мың 250 теңгеге қойылып, 15 млн 938 мың 959 теңгеге жалға беру құқығы сатылды. Аталмыш жерге үш адам үміткер болды.

Айта кетейік, жерді жалға алу құқығына ие болғандар бекітілген соманың 50 пайызын 5 күннің ішінде өтеуі керек. Қалған 50 пайызын 30 күннің ішінде төлеуге тиіс.

Аукцион жеңімпазы өз шешімінен бас тартқан жағдайда кепіл ақшасы қайтарылмайды. Ал, жер аукионда сатылған құнынан 10 пайыз арзандатылып, екінші үміткерге ұсынылады.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жер қатынастары, жер жалға алу, экономика