Бұл туралы ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді. Бұған дейін инстаграм əлеуметтік желісіндегі @Taraz_life парақшасында намаз оқып жатқан баланы балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған болатын. Осы мəселеге байланысты журналистердің сұрағына басқарма басшысы:

«Əлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланатын болады» - деп жауап берді.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша жұмыс жүргізіліп, видеодағы футбол бөлімінің жаттықтырушысы 1966 жылы туған Алмат Баетов Сейтнасимұлы екені анықталды. Ол - 33 жылдық тəжірибесі бар жоғарғы санатты жаттықтырушы. Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда.

Жаттықтырушы А.Баетовтың іс-əрекеті педагогикалық тəрбиеге сай келмегендіктен жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, діни көзқарас бойынша мәселелерге зерделеу жүргізіледі. Оқиға Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде орын алған.

pavlodarnews.kz

Тэги: