ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы басшысы Аягөз Мусапирова 50 кітапша мен 20 диск шығарылғанын айтты.

- Біздің департамент көзі нашар көретін адамдарға Брайль жүйесімен кітапшалар дайындады, - деді Аягөз Мусапирова. – 24 беттен тұратын кітапшадан қандай қызметтер көресетілетінін, оның ретін, қызмет алудың жолын, құқықтары бұзылған жағдайда қайда хабарласуға болатынын білуге болады. Алайда аталмыщ санаттағы адамдардың бәрі Брайль жүйесімен оқи алмаайды. Сондықтан аудиоға жазып 20 диск шығардық. Бұл кітапшалар барлық ХҚКО-да болады. Сонымен қатар бүгінгі таныстыру шарасына келетіндерге жаднама алып келуді тапсырдық. Сол жаднамаларға көшіріп беретін боламыз.

Сондай-ақ шараға қатысқан "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша департамент директорының орынбасары Салтанат Ауыппаева үйден шықпай-ақ электронды түрде және ХҚКО мамандарын үйге шақырып қызмет алуға болатынын атап өтті.

2 топтағы көзі нашар көретін Фәния Абдуллина 10-нан астам мемлекеттік қызметті жиі пайдаланатынын жеткізді.

- Бүгінгі жаңалық қуантып отыр, - деді Сәния Абдуллина. – Өйткені мемлекеттік қызметтер алу жайлы толық білмейтінмін. Бұрындары «көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға» хабарласып қалай алатанын біліп алатынмын. Алдағы уақытта операцияға кіргелі отырмын, сондықтан анықтамалар жинау керек болады. Енді осы кітапшаның көмегі тиетін болды. Брайль жүйесімен оқи аламын.

Айта кетейік, облысымызда 2600-ден астам көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар бар. Ал, Павлодар қаласында 500-ге жуық аталмыш санаттағы азаматтар тұрады.

Оразбек Саяхат
Фото: Ләйлә Молдабай

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам