Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын әкімдікте өткен аппараттық жиында облыс әкімі Болат Бақауов таныстырды.

- Сіздің мол тәжірибеңіз берілген тапсырмаларды нәтижелі орындайтынына сенімдімін, - деді Болат Бақауов. – Жұмысыңызға жеміс тілеймін!

Ержан Ибраимов екі жоғары білімді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін аяқтаса, 2006 жылы Қонаев атындағы университетті тәмәмдаған.

Еңбек жолын Алматы облысы ІІД сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінде бастаған.

2004 жылдан 2009 жылға дейін ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күреске арналған орталық аппаратында жұмыс жасаған. Агенттіктің Алматы қаласындағы департаментінде басшының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысында департаменттің басшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери полициясы жетекшісінің орынбасары, Жоғарғы соттың бөлім басшысы орынбасарының міндетін атқарған.

2014 жылдан бастап Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болған. Соңғы қызмет орыны – Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тағайындау, Ұлттық бюро, Ержан Ибраимов