Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Баянауыл ауданының әкімі Оразкелді Қайыргелдинов мәлім етті.

-  Ағымдағы жылы аэродром толықтай жөндеуден өтіп, әуежай салынды, - деді аудан басшысы. – Баянауыл арқылы әуебайланыс 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Жоба бойынша екі шағын авиация Баянауылдан Асатанаға, Қарағандыға, Павлодарға және керісінше бағытта  қатынайтын болады. Сонымен қатар, әуежай шағын чартерлік ұшақтарды қабылдай алады. Мысалы, Алматы немесе Шымкент қалаларынан.

Спикердің айтуынша Баянауылға дейін билеттердің құны жоғары болмайды.

- Қазіргі уақытта, кадрлар мәселесі мен жобаны қаржыландыру ойластырылып жатыр. Егер де, республикалық бюджеттен қаражат бөлінсе, онда билеттердің құны 8-10 мың теңге немесе осыдан да төмен болады, - деді аудан әкімі.

Еске сала кетсек, Павлодар мен Баянауыл арасындағы әуебайланыс 25 жыл бұрын жабылған болатын. Өткен жылы бұл бағытта рейсттерді жандандыру ұсынылып, Баянауыл жеріне «Жезқазған Эйр» компаниясының «Лет-410» 18 орынды ұшағы қонды.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, Баянауыл