Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «БЖЗҚ» АҚ-ның Павлодар облысы филиалының директоры Владимир Питраков айтты.

- Аталған сомадағы 19 миллиард теңге міндетті зейнетақы жарнасы бойынша түсті, - деді Владимир Питраков. – Өз еріктерімен МЗЖ-ын салушылар 1,6 миллиард теңге аударған. Бәріне белгілі, Павлодар – өндірістік өңір. Өндірістік кәсіпорындар көп. Сондықтан зиянды жерлерде жұмыс жасайтын адамдарға жұмыс берушілер МЗЖ-на қосымша зейнетақы жарнасын төлейді.

Владимир Питраков қор арқылы көрсетілетін қызметтердің бәрі электронды нұсқаға көшіріліп жатқанын жеткізді.

- Өтініш беру, өзгерістер енгізу сынды қызметтердің бәрін электронды түрде «электронды цифрлық қолтаңба» арқылы үйде отырып істеуге болады, - деді Владимир Питраков. – Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқаны – өз жарнасын бақылау болып отыр. 290 салымшы сайт немесе мобильді бағдарлама арқылы өз түсімін көрген. Адамдардың қаржылық білімдері артып келе жатқаны қуантады.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлігі немесе шаруа қожалығы бар 17875 адамға МЗЖ төлеу керектігі түсіндірілген. Қазіргі кезде 3768 адам кем дегенде бір рет салым жасаған.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, МЗЖ, қоғам