Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Бас прокуратураға көмір саудасы саласындағы жекелеген нарық субъектілерінің тарапынан басым және монополиялық жағдайды асыра пайдалануы, олардың бәсекеге қарсы әрекеттер жасауы, көп деңгейлі делдалдық құрылымдарды пайдалануы, соның салдарынан қатты отын құнының көтерілуі туралы ақпараттар түсіп жатыр»,- деп атап өткен ведомстводан.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, нарықтың ортан қол субъектілерінің ымыраласу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары басталып кеткен.

«Бұған қоса, облыс прокурорларына жылу беру маусымы қарсаңында және кезінде көмір бағасының бағалаусыз және негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды», - делінген Бас прокуратура ақпаратында.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: