Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«2017 жылмен салыстырғанда, биыл жағымсыз фактілерінің төмендеу тенденциясы бар. Мәселен, 2017 жылы Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттерінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 18 және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіргені үшін 21 тәртіптік жаза қолданылды. Ал биылғы 7 айда әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 4 және мемлекеттік қызметтің беделіне теріс әсер еткені үшін 1 тәртіптік жаза бар»,- деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алик Шпекбаев бүгінгі таңда адами капиталдың маңызды факторы үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт болып табылатынын атап өтті. Соған байланысты, медициналық қызметтерді көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі.

Атап айтқанда, ведомстволардың арасындағы өзара іс-қимыл елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы ақпараттар алмасу, денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы және ішкі талдауларын жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды, акцияларды, семинарлар мен кеңестерді өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, меморандумға қол қоюдың ерекше өзектілігі мен қажеттілігі жүргізіліп жатқан әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаға, дәрілік заттарды сату кезінде бөлу және бағалық реттеу саласындағы реформаға да байланысты.

Меморандумға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарындағы «тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою шаралары іске асырылмақ. Бұл тұрғыда қатардағы медицина қызметкерлерінің көрсеткен медициналық қызметтері үшін материалдық және материалдық емес алғыстар алу дәстүрін жою бойынша шаралар қабылданатын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: