Бұл туралы Павлодар облысы статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Облыс аумағында үш қалада 533099 адам тұрады. Ал ауылдықтар саны 221340 құрады, - деді баспасөз қызметінде. - 2017 жылғы 1 шілдесімен салыстырғанда халық саны 1408 адамға немесе 0,2 пайызға азайды. Тұрғындарыдың 47 пайызын ер азаматтар құрайды - 357031 адам, ал 53 пайызын әйелдер құрайды, олардың саны 397408.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратынша АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 5930 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,5 пайызға азайды. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 15,85 туылғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусымда халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 48 адамға немесе 2,2 пайызға кеміп, 2154 адамды құрады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы