Бұл туралы Павлодар облысы статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-маусымда өңірімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 4,3 пайыз азайып,
2909 адам құрады, - деді баспасөз қызметінде. – Облысымыздан кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 14,5 пайыз азайып 5478 адам құрады. Көші-қонның айырымы – 2569 адам болды.

Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 239 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 191 адам (62,3% Рессейден келген), ал әлемнің басқа елдерінен 48 адам көшіп келді (31,3% Германиядан).

Қазақстанның басқа өңірлерінен 2670 адам бізге көшіп келді, олардан 666 адам (24,9%) – Астана қаласынан, 549 (20,6%) – Шығыс Қазақстан облысынан.

2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыстан республика шегіне – 1972 адам, соның ішінде ТМД елдеріне
1771 адам (98,6% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 201 адам қоныс аударды ( 94,5% Германияға).

Қазақстанның басқа өңірлеріне 3506 адам көшіп кетті, олардан 1611 адам (45,9%) – Астана қаласына, 373 адам (10,6%) – Шығыс Қазақстан облысына.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, статистика, көші-қон, қоғам