Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Министрдің бұл сөзін залда отырған ұстаздар қол соғып, қошеметтеп қабылдады.

"Менің блогыма, жеке кездесулерде де мұғалімдерден сұрақтар өте көп түседі. Соның басым көпшілігі - ұстаздарды басқа жұмысқа тарту. Оны шешу үшін біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері үй аралауды алып тастадық. Бірақ осы уақытқа дейін мұғалімдерді бөгде жұмысқа тарту облыстардың практикасында əлі сақталып отыр. Бұны біз білеміз", - деді Сағадиев.

Министр облыс əкімдері орынбасарлары мен білім басқармалары басшыларына бірігіп, осы тəжірибені жүйелі түрде тоқтатуды тапсырды.

"Жаңа оқу жылынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу міндетінен мұғалімдерді босату мәселесі талқылануда. Министрлік бұны қолдайды. Ұстаз тек сапалы білім берумен айналысуы қажет. Бұны біз түсінеміз. Сондықтан мектептердің ҰБТ нəтижесі бойынша рейтингін де алып тастадық", - деді Ерлан Сағадиев.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда мұғалім жұмысын барынша жеңілдету шаралары жүзеге асып жатыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: