Алдымен жер асты суларының жиналуына арналған қазаншұңқырдың құрылысымен айналысып жатқан мердігер ұйымның өкілі өңір басшысын атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Жиналған суды тоқтату үшін барлық жеріне шойтас төсеу жоспарланған. Содан кейін жиналған суды сорғының көмегімен кәріз жүйесіне жеткізеді.

- Біздің тәжірибелі инженерлер мен құрылысшылар кіретін жұмыс тобымыз күн сайын еңбектенуде, - деді шағын ауданның тұрғындарымен тілдескен облыс әкімі. – Қазір біз судың одан ары көтеріліп кетпеуі үшін жұмыс жасаудамыз. Ал, үйлеріңізге келетін болсақ, ауа-райы жылы тұрғанда сіздерге қысқы мезгілге дайындықты бастау қажет. Біз қандай жағдайда да адамдарды қиындықта қалдырмаймыз.

Сонымен қатар, Болат Бақауов бәрінен де көп зардап шеккен Днепропетровский көшесі, 57 үйде болды. Павлодарлықтардың үйін қалыпқа келтіру үшін өңір басшысы аталмыш көшедегі су басқан 10 үйді депутаттар мен ірі кәсіпкерлерге бекітіп беруді ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Екінші Павлодар, қоғам